Жастарға жігер сыйлаған Жолдау

Жастарға жігер сыйлаған Жолдау

Қармақшы ауданында «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу мақсатында Иіркөл және Жосалы ауылдық округінде жастармен кездесу болып өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2018 г. 764 0
Бағыты айқын білім ордасы

Бағыты айқын білім ордасы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында қаланың мектеп бітірушілеріне арналған ашық есік күні өтті. Оқушылар аймақтағы басты білім ордасы ұсынатын мүмкіндіктермен, студенттердің креативті жобаларымен танысты. Шараға Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов, ғалымдар, оқытушылар, қала мектептерінің бітіруші түлектері қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2018 г. 485 0
ЖАСТАРДЫ ЖАТ АҒЫМНАН САҚТАУ МІНДЕТ

ЖАСТАРДЫ ЖАТ АҒЫМНАН САҚТАУ МІНДЕТ

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-202 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес облыстық ақпараттық түсіндіру топ мүшелерінің қатысуымен аймағымыздағы жоғарғы оқу орындарының жатақханаларында кездесу өтті. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2018 г. 514 0
Мұстафа Матаев атындағы дәрісхана ашылды

Мұстафа Матаев атындағы дәрісхана ашылды

   Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде философия ғылымдарының кандидаты, профессор, әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Мұстафа Матаев атындағы дәрісхана ашылды. Белгілі ғалым сексен жылдық тарихы бар білім ордасындағы философия және құқықтану кафедрасының негізін қалаған. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2018 г. 963 0
Канададағы бокс кешіне үш қазақстандық қатысады

Канададағы бокс кешіне үш қазақстандық қатысады

Канаданың Шавиниган қаласында 6 маусым күні үш қазақстандық қатысатын бокс шоуы өтеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2018 г. 514 0
Астанада «KADEX – 2018» көрмесі өтеді

Астанада «KADEX – 2018» көрмесі өтеді

23-26 мамыр аралығында Астана қаласындағы Халықаралық әуежайдың әскери әскери секторы аумағында «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесі өтеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2018 г. 573 0
Әлемдегі атақты 100 адамның тізімі жарияланды

Әлемдегі атақты 100 адамның тізімі жарияланды

Time журналы 2018 жылғы әлемдегі ең ықпалды 100 адамның есімін жариялады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2018 г. 1 709 0
Қостанайлық мұғалім «ақылды» киіз үй жасады

Қостанайлық мұғалім «ақылды» киіз үй жасады

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушысы Александр Шерцер эко-туризмді дамытудың жаңа жобаларын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Информатика пәнінің оқытушысы, робот техникасы бойынша Қазақстан құрамасының бапкері Александр Шерцер жақында Қостанайда өткен робот техникасы фестивалінде өзі жасаған «ақылды» киіз үйін таныстырды. Ол кәдімгі қазақы киіз үйлерге күн батареяларын орналастырып, шалғай ауылдарға электр жүйесін жеткізуді ұсынады. Тіпті, қазіргі уақытта бағдарламаны облыс орталығынан алыс аудандарға жүргізудің жоспары дайын тұр. Мұндағы басты ерекшелік - киіз үйге кіріктірілген күн батареялары бұлтты күні де, қыс мезгілінде де жұмыс істей береді. Қаржы мәселесі шешілсе, жаңа жобаны әрі қарай өрістетуге болады дейді ол.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2018 г. 674 0
Кемероводағы өрт кезінде қайтыс болғандардың нақты саны хабарланды

Кемероводағы өрт кезінде қайтыс болғандардың нақты саны хабарланды

2018 жылдың 25 наурызында Кемеровода жойқын өрт болды.  Өрттен барлығы неше адам қайтыс болғаны хабарланды. «Зимняя вишня» ойын-сауық орталығындағы өрттен 60 адам көз жұмған. Бұл жайында Тергеу комитетінің арнайы өкілі хабарлады.— Өрт кезінде іс-түссіз жоғалғандар мен сарапшылардың қорытындысы нәтижесінде 60 адамның қайтыс болғаны анықталды, - деді арнайы өкіл.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2018 г. 664 0
Ресей мен АҚШ санкция жайын талқылады

Ресей мен АҚШ санкция жайын талқылады

Ресейдің қаржы министрі Антон Силуанов және оның америкалық әріптесі Стивен Мнучин Вашингтонда кездесіп, санкция мәселесін талқылады. Бұл жайында Риа Новости хабарлайды.Сонымен қатар Халықаралық валюта қоры мен Әлемдік банктің жиналысында екі жақ Солтүстік Корея, Сирия, Украинаға қатысты мәселелерді талқылады. Кездесу барысында не айтылғаны жарияланған жоқ. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2018 г. 619 0