МУЗЫКА МАЙТАЛМАНЫНА АРНАЛҒАН КЕШ

МУЗЫКА МАЙТАЛМАНЫНА АРНАЛҒАН КЕШ

  Филармония ұжымының ұйымдастыруымен Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында мәдениет саласының майталманы, дирижёр  Кеулімжай Ботабаевтың 60 жасқа толған мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 сәуір 2018 г. 642 0
Мереке қарсаңында қауіпсіздік пен тәртіп күшейтіледі

Мереке қарсаңында қауіпсіздік пен тәртіп күшейтіледі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, мамыр айындағы мейрамдар қарсаңында облыс орталығындағы кримогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы  қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алу, орын алған қылмыстарды ашу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында «Құқықтық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланып отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 сәуір 2018 г. 518 0
Есірткі затын сатқан азамат құрықталды

Есірткі затын сатқан азамат құрықталды

Қаладағы Астана мөлтек ауданында жедел іс-шаралар барысында облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі затын заңсыз сатқан, тұрақты жұмысы жоқ 27-жастағы азаматты ұстады. Бұл туралы ҚІІБ баспасөз қызметі хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 сәуір 2018 г. 506 0
Конкурстық құжаттарды әзірлеу кезеңдері түсіндірілді

Конкурстық құжаттарды әзірлеу кезеңдері түсіндірілді

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты «Ғылыми жобалар бойынша гранттық қаржыландырудың конкурстық құжаттарын әзірлеу» тақырыбында семинар өткізді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2018 г. 958 0
Саусақ ізі жоқ адам бар

Саусақ ізі жоқ адам бар

Әр адамға тән бірегей қабілет – саусақ ізі. Саусақ ізіне қарап, адамның кім екенін, қай жерде жүргенін, болмысын және жасын аңғаруға болады. Әсіресе, криминалогия саласында саусақ ізін пайдалану қылмысты ашуда септігін тигізеді. Дегенмен, жер бетінде саусақ ізі мүлдем жоқ адамдар бар. Бұны биологияда генетикалық ауру aдерматоглифия (adermatoglyphia) деп атайды. Өйткені, бұл ауруға шалдыққан адамның денесінде генетикалық ауытқу орын алады. Саусақта ізіне жауапты ДНҚ тізбегі ыдырап кетуінен немесе түзілмеуінен осындай мутациялық үрдіс жүреді.  Саусақ ізінің түзілуі үшін Smarcad нәруызы кодталуы тиіс, дегенмен, мутация әсерінен бұл үрдіс тоқтайды. Сонымен қатар, ғалымдар бұл ауытқудың тағы бір ерекшелігі саусақ ізі жоқ аймақтан тер бөлінбейтінін аңғарған. Дәл қазіргі сәттер ғалымдар бұл ауытқу табан және алақан іздеріне де әсер етуін зерттеу үстінде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2018 г. 705 0
"Арсеналды" 22 жыл жаттықтырған Арсен Венгер қызметінен кетеді

"Арсеналды" 22 жыл жаттықтырған Арсен Венгер қызметінен кетеді

Лондонның Арсенал футбол клубын 22 жыл жаттықтырған Арсен Венгер қызметінен кетеді. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады. Француз маманы команданы маусым соңына дейін жаттықтырады. Ал оған дейін кім жаттықтыратыны анықталып қалуы мүмкін. - Клуб басшылығымен ақылдаса келе, маусым соңынан қызметтен кеткенім дұрыс деп шешім қабылдадым. Мен командада барлық жауапкершілікті сезіне, адал жұмыс жасадым. Команданың барлық қызметкерлеріне, ойыншылар, директорлар мен жанкүйерлеріне алғысымды білдіремін. Менің командаға деген махаббаттым мен қолдауым – мәңгілік, - деген жаттықтырушы клуб сайтына берген сұхбатында.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2018 г. 611 0
Республикалық мониторингтік топ - Қызылордада

Республикалық мониторингтік топ - Қызылордада

Жемқорлықпен күрес – қоғам дамуына үлес. Жең ұшынан жалғасқан кеселдің ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретінін Елбасы үнемі ескертіп келеді. Осыған орай елімізде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы бекітілді. Стратегия аясында республикалық арнайы мониторингтік топ құрылған болатын. Тұрақты жұмыс істейтін консультативті-кеңесші орган ретінде құрылған топтың мақсаты – шалғай елді мекендерді аралап, жергілікті халықпен кездесулер ұйымдастыру. Осылайша, алыстағы ағайынның мәселесін анықтап, құзырлы мекемелерге жеткізу. Оған қоғамдық өзгерістердің ақиқатын бүкпесіз айта білетін азаматтар мүше. Жуырда осындай белсенді өкілдерден құралған топ Сыр өңіріне іс сапармен келді. Қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту, бақылау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында келген топ мүшелері бірқатар мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелер жұмысымен танысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2018 г. 642 0
Бейжіңде қазақстандық балаларға арналған орталық ашылды

Бейжіңде қазақстандық балаларға арналған орталық ашылды

Бүгін Бейжіңде ҚР Сыртқы істер миинстрі Қайрат Әбдірахманов «Балдырған» балаларға арналған даму орталығының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігінің Қытайдағы меншікті тілшісі. Қытайдағы ҚР елшілігінің қолдауымен ашылған бұл мекеме ел аумағынан тыс жүрген қазақтілді балаларға арналған алғашқы жеке даму орталығы атанды. Оған қазақстандық дипломаттардың және Бейжіңде аккредиттелген ұлттық компания өкілдерінің ұл-қыздары бара алады. 204 шаршы метр болатын аумақта мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілі, қазақтың дәстүрі мен мәдениеті үйретіледі. Онда тәжірибе, математикалық, тілдік және гимнастикалық деп аталатын бірнеше бөлім бар. Дамыту орталығы жұмыс күндері 08:00-17:00 аралығында жұмыс істейді. Қосымша ағылшын тілі, хореография, ән салу және бейнелеу өнері үйірмелері жұмыс істейді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2018 г. 568 0
«Татуласу орталығының» жұмысы түсіндірілді

«Татуласу орталығының» жұмысы түсіндірілді

Республикалық арнайы мониторингтік топ Қызылорда қаласында орналасқан бірқатар халыққа қызмет көрсететін нысандарға барып, қызмет түрлерімен танысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2018 г. 495 0
Қазақстанда 1 мың IT сынып ашылады

Қазақстанда 1 мың IT сынып ашылады

Елімізде 1 мың IT сыныбы ашылады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2018 г. 617 0