Бүгін Мемлекеттік Рәміздер аллеясында «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мен «9 мамыр – Ұлы Жеңіс» мерекелері қарсаңында Ішкі істер органдарында абыройлы қызмет еткен ардагерлерге, оның ішінде соғыс ардагерлерінің ерліктерін ұлықтау мақсатында салтанатты жиын болып өтті. Шараға Ішкі істер органдарының Ұлы Отан соғысы ардагерлері, соғыс ардагерлерінің туыстары, Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, департамент басшылығы, жеке құрам және облыстық ішкі саясат басқармасы қызметкерлері қатыстырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 мамыр 2018 г.
639
0
Ақтөбеде егіз жігіттер бір үйдің егіз қызын алып, қала мейрамханаларының бірінде дүркіретіп той жасады деп хабарлайды NUR.KZ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 мамыр 2018 г.
582
0
Нөлінші және 1-сыныптар латын қарпімен оқуды 2020 жылы бастайды, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 мамыр 2018 г.
580
0
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық боксшы Ванес Мартиросян салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Генаның салмағы 160 фунт болса, Ванес 159,6 фунт болды. Яғни қазақстандық боксшы 72,393 кг, америкалықтың салмағы 72,574 кг-ды тартты. Салмақ айырмашылығы 181 грамм ғана. Орта салмақтағы боксшылар шектеуі 160 фунт болып саналады. Қос боксшы ертең таңда Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады. GGG бұл кездесуден 1 миллион доллар көлемінде сыйақы алса, Ванес Мартиросян 225 мың доллар табысқа кенеледі. Ал жекпе-жектен түсетін қаржы бұл табысқа кірмейді. Оны боксшылар бөлек алатын болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 мамыр 2018 г.
622
0
Шымкентте күрес түрлерінен ел чемпионаты аяқталды. Бір аптаға созылған жарыста еліміздің кіл мықты балуандары бақ сынады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 мамыр 2018 г.
530
0
Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті басшылығының ұйымдастыруымен қала көлемінде күзет қызметінің барлық түрімен айналысатын жеке күзет ұйымдары басшылары және департамент басшылығының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында соңғы уақытта қарақшылық, тонау және бөтен мұлік ұрлығының орын алуы нысандардың техникалық бекіністерінің осалдығынан, яғни қазіргі жаңа заманауи қауіпсіздік қондырғылармен, бейнебақылаумен толық жабдықталмағаны және жеке күзет ұйымдарының күзетімен толық қамтамасыз етілмеуінен екендігі сөз етілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 мамыр 2018 г.
587
0
Синоптиктер Қазақстанда мамырдың 5-і күні болатын ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 мамыр 2018 г.
521
0
Тұңғыш рет құрылған Жастар кеңесінде жаңа тағайындаулар болды, деп хабарлайды ҚР МСМ Баспасөз қызметі.Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі, Жастар Кеңесінің Төрағасы Арыстанбек Мұхамедиұлының 2 мамырдағы бұйрығымен Жастар Кеңесінің төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек, ал Кеңестің хатшысы болып Қазақстан жазушылар одағының Астана қалалық филиалы директоры Бауыржан Қарағызұлы бекітілді.Естеріңізге сала кетсек, ұлттық әдебиетімізді және ақындық өнерді қолдау мен насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Жастар кеңесі құрылған болатын.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 мамыр 2018 г.
585
0
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Астанада ҚР Парламенті Сенатының отырысында сөйлеген сөзінде "7-20-25" бағдарламасына қатысқысы келетін азаматтарға бірқатар ұсынымдар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz."Бірінші, Ұлттық Банк басшысының айтуынша Бағдарламаға қатысушы сатып алғысы келетін тұрғын үйді таңдауға тиіс. Бағдарламада тұрғын үйдің шекті құны белгіленетін болады. Мәселен, Астана, Алматы, Ақтау және Атырау сияқты қалаларда тұрғын үйдің ең жоғарғы құны 25 миллион теңге, басқа өңірлер үшін - 15 миллион теңге болады. Бастапқы кезеңде тек бастапқы тұрғын үйді сатып алуға ғана өтініштер қаралатын болады деп болжанып отыр", - дейді Ақышев.Екіншіден, оның айтуынша, бағдарламаға қатысқысы келетін азамат өтініш пен қажетті құжаттарды алып банкке келуі тиіс. "Біз жақында қажетті қаржылық көрсеткіштері бар, филиалдық желісі дамыған және азаматтарға қызмет көрсетуге жағдайы бар банктерді, сондай-ақ қажетті құжаттардың базалық тізбесін анықтаймыз", - деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 мамыр 2018 г.
587
0
Астана қаласының «Қазақстан» спорт сарайында 8-12 мамыр аралығында ММА аралас жекпе-жектен VI Қазақстан чемпионаты мен «Көшпенділер айқасы-X» кәсіпқой жекпе-жек шеберлерінің турнирі өтеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 мамыр 2018 г.
604
0