Қызылорда облыстық прокуратурасы табиғат қорғау заңдылығын сақтамаған «СНПС-Ай Дан Мұнай» акционерлік қоғамынан мемлекетке 1,5 млрд теңгеден астам қаржы өндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қызылорда облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қаңтар 2019 г.
404
0
Елімізде 130 мыңға жуық жұмыс беруші 705 мың қызметкерінің жалақысын көтеруге әзір, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қаңтар 2019 г.
363
0
Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы Қазақ әдебиетінің антологиясын шетелде тарату жолдары туралы айтып берді. Проза мен поэзия шығармаларына арналған екі жинақ алты тілде жарық көріп, әлемнің 70 елінде таралатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қаңтар 2019 г.
537
0
Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстанның халықаралық қорының көлемі 2018 жылдың желтоқсан айында 88,628 млрд АҚШ долларын құраған. Бұл көрсеткіш қараша айымен салыстырғанда 0,97 пайызға өсіп, ал 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 0,79 пайызға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қаңтар 2019 г.
702
0
Ұлыбританияның Vouchercloud порталы әлемнің ең үздік елдерінің тізімін жасады. Тізім үш негізгі фактор арқылы жасалған - Нобель иегерлерінің саны, халықтың орташа IQ көрсеткіші және мектептегі оқу үлгерімі. Көбінде Азия мен Еуропа елдері енген ең ақылды деген 25 мемлекеттің тізімінде Жапония көш бастап тұр. Күншығыс елі осы аталған үш бағалау талабы бойынша жоғары көрсеткіш жинап тұр. Мәселен, бұл ел мектептегі оқу үлгерімі бойынша бесінші орында және Нобель лауреаттарының саны мен орташа IQ көрсеткіші бойынша алтыншы тұр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қаңтар 2019 г.
633
0
Қызылордада пәтер алып беруді уәде етіп, бес адамның ақшасын қалтасына басқан алаяққа сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қаңтар 2019 г.
540
0
Көкшетаудың «Арлан» хоккей клубы Ирландияда өткен Құрлықтық кубоктің иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қаңтар 2019 г.
425
0
Қоғам қайраткері, қазақтың белгілі ақыны Фариза Оңғарсыноваға арналған «Толғам» атты күй дүниеге келді. Күйдің авторы - композитор, мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қаңтар 2019 г.
418
0
Vouchercloud порталының бағалауы бойынша Қазақстан жастарға білім беру деңгейі бойынша 9-шы орыннан көрініп, Швейцария, Америка Құрама Штаттары, Норвегия және Финляндияны басып озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қаңтар 2019 г.
873
0
Елде баспана бағасы алдағы 2 жыл ішінде қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».Құрылыс саласындағы мамандардың болжамы осындай. Қымбатшылыққа әкелетін негізгі себептердің бірі - АҚШ долларының өсуі. Осыған байланысты жылжымайтын мүлік нарығында қандай өзгерістерге дайын болу керек? Қарапайым азаматтар үшін санаулы шаршы метр құны қаншалықты қолжетімді болмақ?
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 қаңтар 2019 г.
785
0