Ерасыл Ерділдә - Еуропа кубогының жеңімпазы

Ерасыл Ерділдә - Еуропа кубогының жеңімпазы

Түркияның Анталия қаласында өткен теннистен жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогында жерлесіміз Ерасыл Ерділда жұптық сайыста бірінші орынды жеңіп алды. Жарыста спортшы барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген. Бүгінде Ерасыл - еліміздің құрама командасының мүшесі. Қызылордалық теннисші енді Малайзияда өтетін халықаралық жарысқа қатысуды жоспарлап отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2019 г. 524 0
Әсет Исекешев қызметінен босатылды

Әсет Исекешев қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2019 г. 513 0
ҚР Президентінің көмекшісі тағайындалды

ҚР Президентінің көмекшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2019 г. 569 0

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Кездесуде Қазақстан Президентіне сот жүйесін жаңғырту барысы жөнінде баяндалып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы міндеттердің орындалуы туралы есеп берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды және халықтың сот билігіне сенімін арттыруға бағытталған шаралардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2019 г. 439 0
Сағынтаев ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болды

Сағынтаев ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болды

ҚР Президентінің Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.Сондай-ақ, Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2019 г. 520 0
Мешіттегі атыстан кейін Жаңа Зеландия әйелдері мұсылмандарды қолдау үшін орамал тақты

Мешіттегі атыстан кейін Жаңа Зеландия әйелдері мұсылмандарды қолдау үшін орамал тақты

Жаңа Зеландияның мұсылман әйелдері терактіден кейін үйлерінен шығуға қорқатындарын мойындаған. Оларды қорғау үшін жергілікті тұрғындар да орамал тақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымының орыс нұсқасына сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2019 г. 516 0
Тимур Сүлейменов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Тимур Сүлейменов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Тимур Сүлейменов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп  хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Сүлейменов Тимур Мұратұлы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалсын", - делінген Мемлекет басшысының Өкімінде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2019 г. 523 0
Бүгін «Жігіттер» квартетінің ән кеші өтеді

Бүгін «Жігіттер» квартетінің ән кеші өтеді

Биыл «Жігіттер» квартетінің  құрылғанына 15 жыл.  Елге «Ерке қыз» әнімен танымал болған топ 2003 жылы «Арай-2003» байқауына қатысып, бас жүлдеге ие болған. Содан бері сері «Жігіттердің» өнері ел көңілінен шығып, қазақтың ән қорын сапалы да мағыналы әндерімен толықтырып келеді.  Қазір Айдар Байжанов, Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев, Мырзахан Махановтан құралған топ сахна  мәдениетін сақтап,  қазақ әнін биікке көтеріп жүр. Бүгін «Жігіттер» квартеті «Студенттер сарайында» 15 жылдық мерейтойға орай ән кешін өткізбек.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2019 г. 922 0
Қарақұйрықты заңыз аулағандар құрықталды

Қарақұйрықты заңыз аулағандар құрықталды

Қазалы ауданының тұрғындары екі қарақұйрықты заңсыз атып алып, жануардың өлі денелерін өз үйлеріне апарып, оларды жіліктеу барысында ұсталды. Аталған азаматтармен мемлекетке келтірілген шығын 8 миллионнан астам теңгені құраған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2019 г. 547 0
Э.Тұрсынбаева ел тарихында тұңғыш рет әйелдер арасынан әлем чемпионатында күміс медаль ұтты

Э.Тұрсынбаева ел тарихында тұңғыш рет әйелдер арасынан әлем чемпионатында күміс медаль ұтты

Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның Сайтама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2019 г. 467 0