Сапа саласындағы жетістіктер үшін берілетін ұлттық награда, Ел Президентінің «Алтын сапа» сыйлығында биыл Қызылорда облысын екі компания: «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен «Жанрос дриллинг» ЖШС таныстыруда. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 қараша 2015 г.
721
0
Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ұлы Отан соғысының ардагері Бөрібай Құлмановты 95 жасқа толуына орай қабылдады. Облыс әкімі ардагерді мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ұрпақтар жалғастығын үзбей келе жатқан, ұлтымыздың ұлы қасиеттерін бойында сақтаған қарияларымызға деген құрмет пен қамқорлық ешқашан толастамауы қажет» - деп, сол арқылы жастарды тұғырлы тұлғалардың үлгісінде өсіруді ұлағаттап келеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 қараша 2015 г.
745
0
Елбасының тапсырмасымен жүзеге асырылған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС) жобасының бірінші кезеңінің сәтті аяқталуы облыстың балық шаруашылығының дамуына үлкен мүмкіндіктер жасады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 қараша 2015 г.
752
0
Ұлттық рух пен сананы қалыптастыратын тарих пен мәдениет екенін білсек, бүгінгі күні ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, еліміздің туристік кластерін жандандыру, тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен пайдалану шараларын тиімді жүргізу бағытындағы мәселелер мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналғанын атап өту қажет. Бұл Елбасы Жолдауларында да айқын көрініс табуда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қараша 2015 г.
747
0
19 қараша күні Таллинде (Эстония) мәнерлеп сырғанаудан өткен «TALLINN TROPHY 2015» халықаралық турнирінде Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдені еншіледі. Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қараша 2015 г.
572
0
Кеше Қызылорда облысына жұмыс сапармен келген СК «Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұржан Әлібаевтың қатысуымен мәжіліс өтті. СК «Фрамация» халықты уақытылы, сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді көздейді. Сонымен қатар бірыңғай дистрибьютор жүйесін жолға қоюды көздеп отыр. Осы орайда облыс әкімдігімен бірлесе жұмыс істеп, алдағы уақытта аймақта орталықтандырылған дәрі-дәрмек қоймасын салу да жоспарда бар.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қараша 2015 г.
731
0
Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Жиында «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс – қимыл жоспары» Сайлауалды тұғырнамасының орындалу барысы талқыланды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қараша 2015 г.
751
0
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев 2030 жылға қарай «Байқоңыр» ғарыш айлағында гептилмен жұмыс істейтін бірде-бір зымыран қалмайтындығына уәде берді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қараша 2015 г.
739
0
Үстіміздегі жылдың 16-19 қараша аралығында Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС жүлдесіне арналған 1998-1999 жылдары туылған жастар арасында бокстан республикалық турнир өткізілді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған турнирге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен және Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 8 команда қатысты. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қараша 2015 г.
724
0
Қызылорда облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше облыста 648 мектепке дейінгі білім беретін мекеме жұмыс істейді. Оның 390 – балабақша, 258 – шағын орталықтар. Барлығы 43351 бүлдіршін мектепке дейінгі білім беретін мекемемен қамтылған. 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 94 пайызды құрап отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 100 пайызға жеткізіледі. Осылайша «Балапан» бағдарламасы белгіленген мерзімінен бұрын орындалмақ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қараша 2015 г.
905
0