Жуырда Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қ.Тұрымтаевтың және Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Т.Исмағұловтың, басқарма және оған қарасты орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелері басшыларымен, заңгерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік электрондық сатып алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – мемлекеттік сатып алу саласына жауапты қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Шара барысында мемлекеттік сатып алу саласында заңнаманы қолдану бойынша өзекті мәселелер, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өзгерістері мен толықтырулары талқыланды.
Н.ТАСТЕМІР.