Әкімшілік заңнама ізгілендіріледі

Әкімшілік заңнама ізгілендіріледіҚызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Мейрамбек Ибрашев брифинг өткізіп, сот төрелігін атқару бойынша атқарған жұмыстарының қорытындылары мен еліміздің сот жүйесін жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
М.Ибрашев Президент Н.Назарбаевтың бес басымдықтан тұратын «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығын айтып, оның жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды жалғастыру, сондай-ақ, әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру қажеттігі, әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс екендігі туралы айтылған бесінші бағытынан туындайтын міндеттерге тоқталып кетті.
Брифинг барысында төраға Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауынан туындаған тапсырмаларды орындау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға аударып: «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленгендігін атап өтті. «Аталған заң жобасында әкімшілік құқық бұзушылықтың 150-ден аса құрамы бойынша айыппұл санкциясының мөлшерін азайту, санкциясы ескерту түріндегі әкімшілік жазаны көздейтін баптарды көбейту, жеңілдететін мән-жағдай анықталған кезде сотқа, органға лауазымды және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік айыппұлдың сомасын 30 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін нормаларды қолдану тәртібін регламенттеу ұсынылған», — деді М.Ибрашев.
Қорытындылай келе, төраға брифингке қатысушыларға алғысын білдіре отырып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауаптарын беріп, одан әрі бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 ақпан 2017 г. 583 0