Қызылордалық оқушы тезекті биогазға айналдырды

Қызылордалық оқушы тезекті биогазға айналдырдыҚызылордалық өрен түлік тезегінен биогаз өндіру тәсілін ойлап тапты, деп хабарлады «24кз». 4 сынып оқушысы Кәусар Қабылбек малдың қиын кәдеге жаратып, жанатын отын өндіруге болатынын ғылыми түрде дәлелдеп отыр.
Ауылдағы «жасыл» энергия көзі баламалы шикізат ретінде мұнай өнімдерін алмастыра алады. Экологтардың айтуынша, мал азығының 40%-ы органикалық заттардан тұрады. Сондықтан тезектің күлі де радиоактивті болып келеді. Оны бау-бақшаға тыңайтқыш есебінде пайдалануға әбден болады. Ойы озық оқушы «ауыл шаруашылығы өнімдерінің қалдықтарынан алынатын биогаз энергия өндірудің бір жолы ретінде қарастырылса» дейді. Кәусар Қабылбек ғылыми жобасын енді ЕХРО-2017 көрмесі жанынан құрылып жатқан «Жас өнертапқыштар» ұйымына ұсынуды жоспарлап отыр.
Кәусар Қабылбек, жас өнертапқыш:
– Үй жануарларын алып және үй қалдықтарынан, қағаздарды тағы басқа үйден шыққан қалдықтарды сумен араластырып қосынды әзірлейміз. Осы қосындыны түтікше арқылы биореакторға құямыз. Биореактор ішінде 42 сағат ашытылады. Яғни 2 күн. Содан кейін оны 2 түтікше арқылы газ тазарту қондырғысына апарып, көлікке жанармай, жылу, от, жарық ретінде аламыз. Оны электр станциясына апарып та осы заттарды алуға болады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 ақпан 2017 г. 812 0