Жыл басынан қызылордалық 10 кәсіпкер қолдау тапты

Жыл басынан қызылордалық 10 кәсіпкер қолдау таптыЖыл басынан Қызылорда облысында 10 кәсіпкердің жобасы «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында кешенді қолдау тапты.
Металлургия өнеркәсібі, киім және тамақ өнімдерін өндіру салаларында қызмет көрсететін кәсіпорындар екінші деңгейлі банктерден несие алып,оның пайыздық үстемесін 7-ден 10 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік алды.
Кәсіпкерлердің 70%-ы кепілзат жетіспеушілігінен туындаған мәселесін жартылай кепілдендіру құралының көмегімен шешіп отыр. Екінші деңгейлі банктерден қаражат тартуға қажетті кепілдемені кәсіпкерлерге «Даму» қоры ұсынды.
Жеке кәсіпкер Жандос Жәркеев «Даму» қорының субсидия және жартылай кепілдендіру секілді қаржы құралдарының көмегімен өз бизнесін дамытуға қол жеткізді. Көп жылдан бері типографиялық және полиграфиялық өнім өндіру саласында бизнесін дөңгелетіп отырған кәсіпкердің басты мақсаты, жалға алынған ғимаратта орналасқан цехын кеңейту болған. Мемлекет қолдауы нәтижесінде «ForteBank» АҚ-нан рәсімдеген несиеге жеке кәсіпкер Жандос Жәркеев арнайы жабдықталған ғимарат алып,өз бизнесін ұлғайтуға мүмкіндік алды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 ақпан 2017 г. 712 0