АУЫЛ АЖАРЫН АППАҚ ҚАР АШТЫ

АУЫЛ АЖАРЫН АППАҚ ҚАР АШТЫҒани Мұратбаев ауылының балалары қыс мезгілін жақсы көреді. Оның себебі де бар. Жастар жетекшісінің есімін иеленген көрікті елді мекен қыс мезгілінде одан әрі ажарлана түседі. Тіпті ересектерге дейін ауылдағы «Орталық» саябақтан шықпайды десек, асыра айтқандық емес. Мұндағы мұз қалашығы алыстан жанарыңды арбайды. Үлкен шыршаның маңындағы қардан мінсіз жасалған аққала, аяз ата, ақшақар, балалардың ойын алаңқайы, Бәйтеректің монументі, тағы басқа ғажап көріністер баршаға ерекше көңіл-күй сыйлайды.
Айта кетерлігі, бұған мемлекет қаржысынан ешқандай шығын жұмсалмаған. Баршасы округ әкімі Берік Бисенбаев бастаған ауыл түрғындарының жұмылуымен тегін атқарылыпты. Ұйымдастыра білген ұтады. Ауыл ағасы жазда саябақтың ішін сан алуан гүлге, жасыл желекке бөлейді. Ал қыс мезгілінде қардан керемет бейне жасатады. Дәл осындай көрініс тіпті аудан орталығында да кездесе бермейтіні анық.  
Ауылға арнайы келген аудан басшысы атқарылған шаруаға ризашылық білдіріп, игі қадамды өзгелер де жалғастырса деген пікірін жеткізді.
 

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Ғани Мұратбаев ауылы,
Қазалы ауданы
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 ақпан 2017 г. 820 0