Облыс бойынша тұтыну тауарлары мен қызметтерінің индексі өткен жылдың желтоқсанында қарашамен салыстырғанда 100,7 пайызды құрады. Бұл жөнінде облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Оның ішінде, азық-түлік тауарларының бағалары индексі 100,6, азық-түлік емес тауарлар 101,4, ақылы қызметтер көрсету 100,1 пайызды құрады. Азық-түлік тауарлары ішінде бағаның өсімі сүт,ірімшік және жұмыртқада 2,7, алкогольді сусындарда 1, темекі өнімдеріне 3,1, жаңа піскен жемістер мен көкөністерге 0,8 пайыз есебінде белгіленді. Баға киім және аяқ киімге 2,3, тұрмыстық құралдарға 1,1, жиһаз және үй тұрмысына қажетті заттар 0,6 пайызға көтерілді. Ақылы қызмет көрсету тобында аяқ-қиімді жөндеу бағасы 4, жеке қызмет көрсету 2,6, көлік қызметі 0,3 пайызға өсті.