ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін туристердің 15 пайызы ғана шетелдіктер болмақ

ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін туристердің 15 пайызы ғана шетелдіктер болмақ Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушылардың үшінші жиналысы басталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Жиынға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, «Астана ЭКСПО» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес қатысып жатыр.
Астанада өтетін ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 10 маусымда басталып, 10 қыркүйекке дейін жалғасады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге 2 миллион адам келеді деп күтілуде. Бірақ туристердің 15 пайызы ғана шетелдіктер болмақ. Ал қалған 85 пайызы – Қазақстан азаматтары. Оның өзінде шетелдіктердің басым бөлігін ТМД елдерінің және Қытайдың азаматтары құрамақ. Бүгінгі таңда 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым ЭКСПО көрмесіне қатысатындарын ресми түрде растаған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 ақпан 2017 г. 473 0