Әрбір қазақстандық орташа есеппен 60 келіден астам ет жейді. Қазақстанның ет одағының мәліметі бойынша, ет өнімдерін есептемегеннің өзінде елімізде бір ғана тұрын жылына 63,2 келі таза ет тұтынады, - деп хабарлады "7 kun.kz".
Ең танымал түрі – сиыр еті (25,3 келі). Дегенмен Қазақстандықтарды ет жеуден Беларус басып озды. Олардың жылдық нормасы – 72 келі. Ал ресейліктер бізбен салыстырғанда 2,9 келі аз яғни жылына 60,3 келі ет тұтынады. Өзбекстана жылына 25,8 келі, Тәжікстанда 12,6 келі ет желінеді. Жылдық орташа көрсеткіші – 43,4 келі ет.