
«Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде волейболдан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Николай Шиндинді еске алуға арналған волейболдан республикалық турнир өтті , - деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Осымен он екіншімәрте ұйымдастырылған турнирге Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 7команда сынға түсті.
2 күнге созылған жарыс финалында «Қорқыт Ата ҚМУ» командасы «Тараз - 2»командасын 3:2 есебімен жеңіп, оныншы мәрте турнир жеңімпазы атанды. Шымкент қаласының командасы үшінші орынды иеленді.
Турнирдің үздіктері:
«Үздік қорғаушы» - Еркебұлан Сейдан (Жаңақорған)
«Үздік үйлестіруші» – Бақытжан Имбергенов(Қызылорда)
«Үздік шабуылшы» – Қуаныш Рахат (Байқоңыр)
«Үздік либеро» – Ерболат Орынханов (ҚМУ)
«Ең жас дарынды ойыншы» - Қазбек Аманжолұлы (Ақтөбе)
«Пайдалы ойыншы» – Әлішер Әлжан (Шымкент)
«Үздік ойыншы» - Абылайхан Шәкизада (Тараз)
«Үздік жаттықтырушы» – Ғани Өскенәлиев(Тараз)
Жеңімпаз және жүлдегер командаларғамедаль, диплом және бағалы сыйлықтар табысталса, номинация иегерлері диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.