«Евразия» спорт кешенінде футзалдан «Зенит» букмекер орталығының кубогы үшін республикалық турнир өткізілді, - деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Биыл 2-ші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 9 команда қатысып, үздіктері анықталды.
Жарыс қорытындысында Жаңақорған ауданының «Сығанақ» командасы бірінші орынды иеленді. Қызылордалық «Зенит» екінші, «Азамат» үшінші орындарды алса, Шымкент қаласының «Таукент» командасы төртінші орынға ие болды.
«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Әзім Әзімов («Таукент» командасы), «Үздік қорғаушы» - Нұрлан Дайрабаев («Азамат» командасы), «Үздік шабуылшы» - Әсет Меңліқожа («Зенит» командасы), «Мерген ойыншы» - Ерлан Әптаев («Сығанақ» командасы), «Үздік ойыншы» - Қанат Әлиев («Зенит» командасы) марапатталды.