Бұл туралы Халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті Қанат Бозымбаев ortcom.kz порталының тілшісіне хабарлады.
«Олимпиада ойындарының бағдарламасына қазақ күресін қосуы мүмкін. Бірақ, бірден қосу екіталай. Қосқан жағдайда қазақтың ұлттық спорт түрін әлем мойындағаны деп білер едік. Біз осы бағытта жұмысты бастадық. Олимпиада бағдарламасына қазақ күресін шетелде ұлттық спорт түрін ұнататын көрермендердің ұлттық федерациясының қатарын біріктіру мен құру жұмыстарын жүргізу арқылы енгізуге болады. Адамдармен жұмыс жүргізу қажет, жаттықтырушыларды дайындап, қаржылай қолдау жағын ойластыру қажет. Жалпы алғанда, қазақтың ұлттық күресін жан-жақты қызықтырып көрсету арқылы бұл бастамаға жетуге болады»,-деді Қанат Бозымбаев.
Бүгін Астанада Халықаралық қазақ күресі федерациясының Құрылтайшы Конгресі болып өтті. Бұған 36 елдің делегаттары қатысты. Австралия, Гана, Канада, Жаңа Зеландия, Уругвай, Германия және тағы басқа елдердің өкілдері өз аймағында қазақ күресінің дамуын қолдады. Конгрес қатысушыларының арасында танымал спортшылар мен жаттықтырушылар атап айтсақ, Дзюдо бойынша Олимпиада ойындарының қола жүлдегері мен әлем чемпионы күміс жүлдегері, сондай-ақ, «Әлем барысы» турнирінің жеңімпазы Брайсон Ведаль Оскар Рене (Куба), Олимпиада чемпионы Лукаша Крпалектің жеке жаттықтырушысы Лойер Джаромир (Чехия) және тағы басқалар болды.