Қызылордада жүрекке ашық ота жасалды

<!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE
Қызылордада жүрекке ашық ота жасалды«Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ директоры, профессор, "Қазақстанның Еңбек Ері" Юрий Пя, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Қазақстанның Еңбек Ері Серік Ақшолақов облыстың денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлт Жоспары – бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамының» аясында, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға байланысты туындаған сауалдарға кеңінен тоқталып өтті. Саланың соңғы жаңалықтарымен бөлісіп, медицинадағы әлемдік тәжірибелереді тілге тиек етті.
Сонымен қатар, Юрий Пя 59 жастағы қызылордалық науқасқа ашық жүрекке жаңашыл ота жасаса, Серік Ақшолақов 15 науқасқа кеңес берді.
Шара соңында, Еңбек Ерлері «Қызылорда облыстық медицина орталығының Құрметті мүшелігіне» қабылданды.
«Құрметті мүшелікке» қабылданған алтын қолды дәрігерлер, алдағы уақытта облыстық медицина орталығына тұрақты түрде әріптестік қолдау жасайтындықтарын мәлімдеді. Қызылордада жүрекке ашық ота жасалды
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 ақпан 2017 г. 499 0