Қызылорда құрылыс жөнінен көш бастады

Қызылорда құрылыс жөнінен көш бастады   Өткен жылы Қызылорда облысында 152 нысан пайдалануға берілді. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 2 есеге артық, сол жылы өңірде 76 нысан елдің игілігіне айналған еді. Бұл жөнінде бізге облыс әкімі баспасөз қызметі хабарлады.
   Оның ішінде 23 нысан білім саласына тиесілі, нақтырақ айтқанда, 19 мектеп пен 4 балабақша іске қосылды. Сондай-ақ,  16 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілсе, оның 3-і емхана, 11-і амбулатория, 2-і фельдшерлік-акушерлік пункт болып табылады. Ал, 8 нысан мәдени сала ғимараттары саналады. Сондай-ақ 2 коммуналдық шаруашылық нысаны және 1 мемлекеттік мекеме ғимараты ашылды. Бұдан бөлек, облыста 1 қоршаған ортаны қорғау нысаны, 1 табиғи және техногендік бағыттағы нысаны бой көтерді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 8 нысан салынды. Ал, 2013 жылы «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 91 тұрғын үй пайдалануға берілді. Қаржыландыру ісінде аталған құрылыс нысандарының 987-і республикалық, 54 облыстық бюджет қаржысы есебінен салынған.
   Осындай қарқынды жұмыстың арқасында Қызылорда облысы 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында құрылыс салу қарқыны бойынша республикада бірінші орынға шықты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қаңтар 2014 г. 900 0