Сингапур аспанында ерекше кемпірқосақ көрінді

Сингапур аспанында ерекше кемпірқосақ көріндіСингапур тұрғындары сирек кездесетін табиғат құбылысына куә болды: аспанда 15 минут бойы ерекше кемпірқосақ көрінді, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Түрлі-түсті шұғыла аспанда дүйсенбі күні түстен кейінгі уақытта пайда болды. Бұл көлденең кемпірқосақтың пайда болуынан туындайтын атмосферадағы сирек оптикалық эффект, «жалынды кемпірқосақ» деп аталады. Құбылыс белгілі бір жағдайларда ғана көрінеді: күн 58 градустан жоғары тұрғанда, шарбы бұлттар ішіндегі мұз түйіршіктері көлденеңінен орналасады.
Күн сәулесі мұз кристаллдарынан сынады және құбылмалы, спектрлі бөлінген түстер пайда болады. Балалар орталығының қызметкері Фазида Мохтар ерекше кемпірқосақтың шамамен кешкі бесте пайда болғанын мәлім етті. «Алдымен кішкентай сарғыш шеңбер пайда болды, сосын үлкейе түсіп, өзге түстер анық көрінді», - деді ол.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 ақпан 2017 г. 798 0