Облыстық «Мың бала» байқауы бастау алды

Облыстық «Мың бала» байқауы бастау алдыБүгін Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Халықаралық ана тілі күніне орай, елімізде тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында дөңгелек үстел өтті.
«Тіл – тәуелсіздіктің тірегі» атты шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, этно-мәдени бірлестік және ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, облыстық ішкі саясат басқармасының мамандары, орта мектеп және жексенбілік мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты. Онда «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары А.Жұмабаев, облыстық ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту және әдістемелік жұмыстар бөлімінің басшысы Л.Есімова, облыстық білім басқармасының бас маманы Э.Жүсіпова, «Мұрагер» мектебінің оқытушысы, АҚШ-тағы Небраска штатының азаматы Остер Питер, «Қоғамдық келісім» КММ бас эксперті Б.Үсенбаев және 2016 жылғы облыстық «Мың бала» байқауының жеңімпаздары сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел аясында биылғы жылғы облыстық «Мың бала» байқауының бастау алғандығы айтылып, оқушылар әзірлеген әдеби монтажбен жалғасады. Шара барысында тіл саясатын жүзеге асыруға ат салысып жүрген бірқатар мектеп ұстаздары мен «Мың бала» байқауының 2016 жылғы жеңімпаздарының жетекшілері марапатталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 ақпан 2017 г. 490 0