Еңбек ерлері Сыр елінде

Еңбек ерлері Сыр еліндеБүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Ұлттық ғылымикардиохирургиялық орталығы» АҚ директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Владимирович Пя мен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы,Қазақстанның Еңбек Ері Серік Қуандықұлын қабылды. 
Аймақбасшысы мәртебелі меймандарға құтты қадам тілеп, алған марапаттарыменқұттықтады. Респуликаға ғана емес, әлем елдеріне танымал қос дәрігердің еренеңбегі әрқашан құрметке лайық екендігін айтты.
- Біздің арнайы шақыруымызбен Екі Еңбек Ерінің облысымызға ат басын тіреуі – бұл, денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстардың оң нәтижелі болуына жасалғанқадамдардың бірі деуге болады. Сіздердің тәжірибелеріңіз, кеңестеріңіз – бізүшін аса қымбат. Халық үшін жасап жатқан қызметтеріңіздің әрбір сәті құнды болса да, уақыт тауып келгендеріңіз – біз үшін үлкен құрмет деп білеміз, - дедіоблыс әкімі.
Аймақ басшысы Сыр медицинасының жылдан-жылғадамып келе жатқандығын, оған ақ халаттыларымыз үздіксіз ізденіс пен еңбектің арқасында қол жеткізіп келе жатқандығын жеткізді. Өз кезегінде қадірмендіқонақтар өз ризашылықтарын айтып, сырбойылықтарға ақ тілектерін арнады. Шара соңында талай жанның өміріне араша болған, білікті қос дәрігерге сый-сияпат табысталды. 
Сыр елінекелген мәртебелі меймандар түстен кейін өз тәжірибелерімен бөлісіп, сырбойылықақ халаттыларға ақыл-кеңестерін айтпақ.
 
Н.ТАСТЕМІР.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 ақпан 2017 г. 576 0