Орталық коммуникациялар қызметінде мемлекеттік органдардың ресми өкілдері мен баспасөз хатшыларының қатысуымен алғашқы брифинг өтті. Бұл жұмыстың жаңа форматы журналистерге өздерін қызықтырған кез келген сұрақты баспасөз қызметі басшыларына қоюға мүмкіндік береді.
ОКҚ ресми өкілі Мұрат Жұманбай аталған жаңа форматтағы брифингтер апта сайын өткізіліп отыратынын хабарлады.
«Әр дүйсенбі күні баспасөз хатшылары Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысып, журналистердің барлық сұрағына жауап беретін болады. Ведомствоның баспаөз хатшысы мен ресми өкілінің қажеттілігі де сонда, олар мемлекеттік органның ресми ұстанымын жеткізуі керек», – деді МұратЖұманбай.
Спикер баспасөз хатшылары мен ресми өкілдерді жұмыстың жаңа форматына жауапкершілікпен қарауға шақырды.