Қазақтың Қанаты қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді

Қазақтың Қанаты қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді АҚШ-тың Уилмингтон қаласында бірінші орта салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Қанат Ислам (22-0, 18 КО) бразилиялық қарсыласы Робсон Асисті (16-3, 9 КО) айқын басымдықпен ұтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Тартысты өткен кездесудің бірінші раундтта-ақ Ислам қарсыласын жойқын соққылардың астына алды. Бірнеше соққыны дөп тигізді. Нәтижесінде 10 раундтқа созылатын кездесу 1-ші раунда аяқталды.
Осылайша, қазақ боксшысы спорттық мансабында 23-жеңісіне қол жеткізді.
Бұл Исламның АҚШ жеріндегі төртінші жекпе-жегі. Ол осы кездесуінде чемпиондық атақтарын (WBA Fedelatin және WBO Intercontinental) сарапқа салған жоқ.
Айта кетейік, 32 жастағы отандасымыз Қанат Ислам кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысқан. Ол сол уақыттан бері ешбір қарсыласына есе жіберген жоқ. 22 кездесудің барлығында жеңіске жетті. 14 рет қарсыласын нокаутқа түсірді. Қанат бұған дейін Қазақстан, Колумбия және Доминикан Республикасында жұдырықтасқан.
Жерлесіміз кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы жекпе-жегін 2016 жылдың 29 қазанында Алматыда өткізген. Ол кездесуде Қанат төрешілердің шешімі бойынша ганалық Патрик Аллотейден басым түсті. Нәтижесінде ол бірден WBA Fedelatin және WBO Intercontinental нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына ие болды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 ақпан 2017 г. 566 0