Әдеп жөніндегі Кеңестің отырысы өтті

Әдеп жөніндегі Кеңестің отырысы өттіКеше Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашовтың аудан әкімдігімен сыбайлас жемқорлық профилактикасы және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының сақталуы бағытында атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Н.Өмірсерікұлының Басқарманың тәртіптік комиссиясының 2016 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері жайлы есебі тыңдалды.
Бұдан бөлек, Әдеп жөніндегі кеңесте Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Күзембаевтың және осы бөлімнің сектор меңгерушісі Е.Исаевтың тәртіптік істері қаралып, нәтижесімен жоғарыда аталған қызметкерлерге «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 ақпан 2017 г. 449 0