Президент кейбір өкілеттіктерінің билік тармақтарына бөлініп берілуі – саяси жаңғыруға жасалған қадам. Облыстық коммуникациялар орталығында БАҚ өкілдерімен жүздескен облыс әкімдігі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім орталығы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Асылбек Жұмабаев осылай мәлімдеді.
-Қазақ қоғамы демократияланудың жаңа кезеңіне қадам басты. Жыл басындағы Елбасы үндеуіне сәйкес жүргізетін конституциялық реформа осы сөзімізге дәлел бола алады. Сондай-ақ, тарихи шешім саяси жаңғырудың көкжиегін кеңейтеді, - деді Асылбек Теңелұлы.
Жер кодексіне қатысты өзгерістерді халық қабылдауында алаңдаушылық жоқ емес, бар. Асылбек Жұмабаевтың жеке пікірінше, қобалжуға негіз жоқ. «Нарықтық қатынастардың реттеліп, қоғамның дамуы жолында қолданыстағы заңдардың толығып, өзгеріп отыруы – заңдылық», - дейді ол. Сондай-ақ, Асылбек Теңелұлы Елбасының кезекті Жолдауының маңыздылығына тоқталды, айқындалған басым бағыттар экономиканың жаңғыруына ерекше серпін беретіндігін айтты.
Нағымжан САУЯЕВ.