Облыс әкімі Қ.Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінде медиа сарапшылармен кездеседі
Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев медиа сарапшылар, журналистер және блогерлермен кездеседі. Онда аймақтың соңғы жылдары жеткен жетістіктері мен даму үдерісі баяндалады. Еркін форматта өтетін кездесуде ақпарат саласының мамандары облыста атқарылып жатқан жұмыстарға орай сауалдарын қойып, жауап ала алады.