Оқушылармен кездесу

Оқушылармен кездесуЖол қозғалысы ережелері бойынша жасөспірімдердің сауатын арттыру, оқушыларға жолдағы қауіпсіздікті сақтау ережелерін насихаттау, жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру мақсатында Жергілікті полиция қызметі мен Қызылорда облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен қала орталығындағы «Мұрагер» мектебінде «Жол ережесін біліп, өміріңді сақта!» атты іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында полиция қызметкерлері төменгі сынып оқушыларымен кездесіп, оларға жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жолда қалай өту қажет екендігін, қоғамдық көліктер мен автокөліктерде қандай талаптарды басшылыққа алу қажет екендігін түсіндірді. Сонымен қатар, жол қозғалысы бойынша білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар қойып, түрлі жағдаяттық мәселелерді ұсынды.
Бұдан әрі шара балалар арасында ұйымдастырылған стол теннисі бойынша жарысқа ұласты. Балалар күнделікті сабақ процесінен сәл бойларын жазып, өздерінің дене шынықтыру дайындығының жоғары деңгейде екегдігін және физикалық ептілігін көрсетіп, бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар Жергілікті полиция қызметімен арнайы әзірленген бағалы сыйлықтармен және мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Шара соңында полиция қызметкерлері түрлі-түсті суреттерден құралған, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақыратын көрнекі үгіт-насихат құралдарын таратып, жолда жүру ережелерін сақтауға шақырды.  

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 ақпан 2017 г. 690 0