VІІІ қысқы Азия ойындары аясында Қазақстан Туын көтеру рәсімі өтеді

VІІІ қысқы Азия ойындары аясында Қазақстан Туын көтеру рәсімі өтедіБүгін Жапонияның Саппоро қаласында VІІІ қысқы Азия ойындары аясында Қазақстан Республикасының Туын көтеру рәсімі өтеді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстанның Көк байрағын көтеру рәсімі бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де атлетикалық қалашықта өтеді.
Ал Азиада ойындарының ашылу салтанаты 19 ақпан күні кешкі сағат 16:00-де басталады. Спортшылар шеруінде ҚР Туын шаңғы жарысынан бес дүркін ел чемпионы Елдос Ахмадиев ұстап шығады. Естеріңізге сала кетейік, VIII қысқы Азида ойындары Жапонияның Саппоро қаласында 19-26 ақпан аралығында өтеді. Оған 31 елден келген спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Байрақты додада Қазақстан намысын қорғауға 153 спортшы аттанды. Олардың арасында халықаралық деңгейдегі түрлі жарыстарда жеңімпаз болған мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева, конькишілер Роман Креч, Денис Кузин, Екатерина Айдова және шаңғышы Николай Чеботько бар. Жарыстың жабылу рәсімі 26 ақпан күні кешкі сағат 18:00-де өтеді деп жоспарланған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 ақпан 2017 г. 617 0