Қылмыс саны 20 пайызға азайды

Қылмыс саны 20  пайызға азайдыҚызылорда облысында тіркелген қылмыс саны 20  пайызға азайды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдындағы есепті кездесуінде баяндады.
- Қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық жұмыс та маңызды басымдық болып қала береді. Жалпы алғанда, облыста криминогендік жағдай тұрақты деп бағаланады. Облыста өткен жылы тіркелген қылмыс саны  20 пайызға төмендеген, бұл - еліміз бойынша өте жақсы көрсеткіш , - деді облыс әкімі.
Қылмыстың азаюын барлық бағыт бойынша  байқауға болады. Мәселен, ауыр қылмыс 10 пайыз, ұрлық 12 пайыз, бұзақылық 46 пайыз, алаяқтық 30 пайыз, қоғамдық орындарда жасалған қылмыс 21 пайызға төмендеп отыр. Ішкі істер органы құрылымдарының жұмыс сапасын арттыру үшін оларды  материалдық-техникалық жабдықтау қажет екені белгілі.
Сондықтан, ішкі істер органдарын материалдық-техникалық жабдықтауға айрықша көңіл бөлініп келеді. Өткен жылы осы мақсатқа облыстық бюджеттен 800 млн теңгеден астам қаражат қаралды.    


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 ақпан 2017 г. 596 0