Биыл Наурыз айында барлық демалыс және мереке күндерін есептегенде қазақстандықтар 12 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз сәрсенбі күніне дөп келеді. 21, 22, 23 наурыз күндері Наурыз мейрамы тойланады. ҚР Премьер-Министрінің қаңтар айындағы Қаулысы бойынша 18 наурыз - сенбі күнгі демалыс 20 наурыз - дүйсенбіге ауыстырылған. Осылайша қазақстандықтар 19-23 наурыз аралығында 5 күн қатарынан демалмақ.