Бүгін, яғни 16 ақпанда қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Аталған шара 2017 жылдың 16-18 ақпан аралығында жүргізілетін болады.
«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғаларының артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шараларын өткізу жоспарлануда.
Аталған іс-шараға Жергілікті полиция қызметінің және Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері түгелдей жұмылдырылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі