Нақты шешімге жұмыс жасайды

Нақты шешімге жұмыс жасайдыТараптар барлық келіссөздерді аяқтап, нақты шешім шығару үшін барлық күш-жігерлерін жұмсайды. Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры Айдарбек Тұматов  мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бастапқы екі раунд өтті, қазір үшіншісі өтуде. Бұл раунд та барынша жоғары деңгейде ұйымдастырылуда. Кеше тараптардың қарқынды келіссөздері жүргізілді, қазір ол жалғасып жатыр. Шамамен сағат 16-да  тараптардың жалпы отырысы болады деп жоспарлаудамыз. Сол кезде тараптар бір дөңгелек үстел басында бас қосып, сөз сөйлеулер, пікір алмасулар болады. Қорытындысында қысқа баспасөз мәслихаты өтетіндігі болжануда», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бірінші күні тараптар соғысты тоқтату режімін орындау мәселелерін талқылады. «Өздеріңіз де білетіндей, Астана  Сириядағы ахуалды саяси реттеу жайы қаралатын женевалық алаңға қарағанда практикалық мәселелерді талқылау мүміншілігін ұсынады. Бұған қоса, Астана тұғырнамасы женевалық процесті толықтыра түсетіндігін атап өткен орынды», - деді департамент директоры.
Сонымен қатар ол Женевадағы келіссөздер 23  ақпанда өтетіндігі жоспарланғандығын атап өтті. «Тараптар барлық келіссөздерді бүгін аяқтап, қандай да бір нақты шешім шығару үшін барлық күш-жігерлерін жұмсайды деп ойлаймын», - деді Тұматов.    


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 ақпан 2017 г. 539 0