Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына – 28 жыл

Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына – 28 жылКСРО әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына биыл – 28 жыл. Осыған орай бүгін облыс орталығындағы "Мәңгілік алау” мемориалы жанында қаһарман жауынгерлерді еске алу шарасы өтті.
Оған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев, қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, "Ерлік” үйлестіру кеңесінің төрағасы Қайреддин Баймаханов пен "Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі” ҚБ төрағасы Ғалымжан Камалов қатысты. Шара барысында Ауған ардагерлері ерлікпен қаза тапқан майдандастарын күрсіне еске түсіріп, бір минуттық үнсіздік жариялады. Сонымен қатар, ардагер-интернационалистер мен бірқатар азаматтарға жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Алғыс хаттар табысталды.

Мөлдір СНАДИН.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 ақпан 2017 г. 969 0