Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заң департаментінің директоры Дархан Игембаев Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заң деңгейінде бекітілген Президенттің өкілеттілігін қайта бөлу бойынша іске асырған жұмыстары» тақырыбында лектория өткізген болатын.
Дархан Игембаев баяндама жасау барысында Мемлекет Басшысының мемлекеттік билік тармақтары арасында өзінің өкілеттіліктерін қайта бөлу мәселесі бойынша халыққа үндеу жолдағанын еске түсірді.
«Мемлекет Басшысы өзінің үндеуінде Президент өкілеттілігін Парламент пен Үкіметке тапсыруда екі негізгі бағыт бойынша міндет қойды. Бірінші- конституциялық деңгейде билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастарды теңдестіру және екінші- Үкімет пен басқа атқарушы органдарға Президенттің Заңмен белгіленген әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу жөніндегі өкілеттілігінің бөлігін беру»,-деді спикер.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заң департаментінің директоры Үкімет пен басқа атқарушы органдарға Президенттің Заңмен белгіленген әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу жөніндегі өкілеттілігінің бөлігін берубағыты бойынша атқарылған жұмыстарға кеңірек тоқталды.
«Елімізде мемлекеттік басқарудың жүйесі былайша, нақтырақ айтқанда, атқарушы орган ретінде Үкімет, Президентке бағынатынжәне есеп беретін нақты мемлекеттік органдарқалыптасқан. Осыған байланысты, қоғамда шын мәнісінде еш проблема жоқ, барлығы жұмыс жасайды деген ұғым қалыптасқан. Үкіметтің құрамына кіретін мекемелер мен министрліктер атқарушылық міндетті іске асырады, ал Мемлекет Басшысына бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар заң шеңберінде жүктелген міндеттерді атқарады».
ҚР Әділет Министрлігімен мемлекеттік билік тармақтары арасындағы, билік деңгейі арасындағы өкілеттілікті қайта бөлу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар Заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының тұжырымдамасын әзірлейтін арнайы жұмыс тобы құрылды.
«Талдау мен сараптау барысында министрлік мамандары конституциялық заң жобасын әзірлеу қажеттігіне көз жеткізді. Президенттің жеке өкілеттіліктері Үкіметтің шеңберінде тапсырылатындықтан Үкімет туралы конституциялық заңда өкілеттіліктер мен міндеттерді бекіту қажеттілігі туындады. Қазіргі таңда екі жобаның тұжырымдамасы әзірленді: конституциялық заң және Заңнаманың, сондай-ақ, заң жобасының мәтіндерімен ҚР Әділет министрлігінің порталында танысуға болады»,-деді Дархан Игембаев.
Спикердің айтуынша, министрліктің мамандарымен298 заңға, 11 конституциялық заңға, 20 кодексе талдау жасалынды. Бұл жұмыс барысында Үкімет деңгейінде және тікелей уәкілетті органдарға қайта бөлінетін өкілеттіліктер анықталды. Қазіргі таңда қайта бөлу келесі бағытта іске асырылады: бірінші кезекте, бұл Президенттің әлеуметтік-экономикалық үдерісті реттеу, сондай-ақ, бюджеттік жоспарлау мен жалпы экономика саласы бойынша өкілеттілігі»,- деп атап өтті ӘМ өкілі. Мекеме өкілі жұмыс тобының қорытындысымен бөлісті.
Бюджеттің атқарылуы, оның қалыптасуы, есепті ұсыну тікелей Үкіметпен іске асырылады. Осыған байланысты, бұл міндеттерді тікелей Үкіметке тапсыру заңды.
Мемлекеттік-жеке әріптестіккке байланысты міндеттер мемлекеттік басқарудың экономикалық үдерісі саласына қатысты, осыған орай, бұл міндеттер Үкіметтің деңгейіне тапсыруға болады.
Ұйымдастыру-басқару міндеттерін, мысалға, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеру және оқыту тәртіптерін енгізу, мемлекеттік қызметшілердің бонусын төлеу тәртіптерін анықтау міндеттерін Үкімет деңгейіне тапсыруға болады.
Үкіметке тапсырылатын міндеттер мен Президент Әкімшілігінің келісімімен іске асырылатын міндеттер- астана, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті тізімдерді бекіту және анықтау және өзге де мәселелер.
Президентпен жүктелген Мемлекет Басшысының міндеттерді Үкіметтің деңгейіне болмаса жеке салалық министрлікке тапсыруға болады. Мысалға, арнайы экономикалық аймақ құру. Жұмыс тобы Үкіметтің деңгейіне тапсыру туралы пікірлерін де білдірді. Ал, арнайы экономикалық аймақ құру және ұсыныстарды енгізу міндеттерін уәкілетті органдардың деңгейіне тапсыруға болады».
Жақын арада бұл ұсыныстар заң жобасы қызметтері бойынша ведомствоаралық комиссияға талқылауға жіберіледі, ал әрі қарай бекітілген тәртіпке сәйкес Парламентке жолданады.