ӘМ Президенттің өкілеттілігін биліктің екі тармағына қайта бөлу бойынша атқарылған жұмыстары туралы баяндады

ӘМ Президенттің өкілеттілігін биліктің екі тармағына қайта бөлу бойынша атқарылған жұмыстары туралы баяндады Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі  Заң департаментінің директоры Дархан Игембаев  Президенттің өкілеттілігін биліктің екі тармағына қайта бөлу бойынша қандай жұмыстарды атқарғандары туралы баяндады.
«Тікелей Әділет министрімен қандай жұмыс атқарылды? Өздеріңізге белгілі, заң жобасының іске асырылуы бекітілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Осы қағидаға сәйкес, біз мемлекеттік билік тармақтары арасындағы, билік деңгейі арасындағы өкілеттілікті қайта бөлу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар Заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының тұжырымдамасын әзірлейтін арнайы жұмыс тобын құрамыз»,-деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен лектория барысында спикер.
Дархан Игембаевтың айтуынша, талдау мен сараптау барысында мамандар Конституциялық Заңының жобасын әзірлеу қажеттігіне көз жеткізді.
«Министрлік мамандарымен 298 заңға, 11 конституциялық заңға, 20 кодексе талдау жасалынды. Бұл жұмыс барысында Үкімет деңгейінде және тікелей уәкілетті органдарға қайта бөлінетін өкілеттіліктер анықталды. Қазіргі таңда қайта бөлу келесі бағытта іске асырылады: бірінші кезекте, бұл Президенттің әлеуметтік-экономикалық үдерісті реттеу, сондай-ақ, бюджеттік жоспарлау мен жалпы экономика саласы бойынша өкілеттілігі»,- деп атап өтті ӘМ өкілі.
Дархан Игембаев түсіндіру барысында қазіргі уақытта президент республикалық бюджеттің комиссиясын ұйымдастыратынын және қарайтынын және де республикалық бюджеттік комиссия қызметінің өзге де қызметтеріне қатысты мәселелерді қарастыратынын мысалға келтірді.
«Жұмыс тобы мүшелерінің жұмыстары барысында бюджеттің атқарылуы, оның қалыптасуы, есепті ұсыну тікелей Үкіметпен іске асырылады деген қорытындыға келді. Осыған байланысты, бұл қызметтерді тікелей Үкіметке тапсыру заңды»,-деп ойын түйіндеді спикер.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 ақпан 2017 г. 532 0