«Стоп, қылмыс» қоғамдық рейді өтті

«Стоп, қылмыс» қоғамдық рейді өттіОблыстағы белсенді жастар ұйымдарының бастамасымен жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Стоп, қылмыс» қоғамдық рейді өтті.
Қоғамдық рейдке «Нұр Отан» партиясы, ҚОІІД ювеналды полиция бөлімшесі, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, жастар ұйымдары, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің өкілдері қатысты.
3 күндік шара барысында 4 топқа бөлінген мамандар барлығы 30-дан аса нысанды (түнгі клубтар, кафе-барлар, PS ойынханаларында, ойын-сауық кешендерінде, кальян-барлар) аралап, жасөспірімдерге түнгі 22.00-ден кейін ойын-сауық мекемелерде, 23.00-ден кейін қоғамдық көшеде қараусыз жүруге болмайтындығын ескертті.
Нәтижесінде, барлығы 14 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 
Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 1 бөлігі бойынша,  яғни кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдің ертіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына (сағат 22.00 ден 06.00 ге дейін) байланысты 6 жасөспірім,  442 бабы 2 бөлігі бойынша, яғни заңды өкілдің ертіп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жер жүргені үшін (сағат 23.00 ден 06.00 ге дейін) 3 жасөспірім анықталып, заңды өкілдеріне  шара көріліп, қолхатпен тапсырылды. 
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабымен, яғни кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына (сағат 22:00 ден 06:00 ге дейін) жол бергені үшін 2 ойын сауық мекемесі анықталды. Ол, Қызылорда қаласы, Шұғыла мөлтек ауданы №22 үйде орналасқан «PS-4», Есенов көшесінің бойында орналасқан «Адреналин» ойын-сауық мекемелері. 
Сондай-ақ, Қызылорда қаласы, «Савор-2» нысанында 3 жасөспірім анықталып, 442 бабы 1 бөлігі бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдің ертіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына (сағат 22:00 ден 06:00 ге дейін) байланысты, заңды өкілдеріне хаттама толтырылып, айыппұл салынды. 
Осы орайда, жастармен немесе оларға қарсы жасалатын қылмыстың алдын-алу мақсатында, ата-аналарды балаларының беймейзгіл уақытта жүрмеуіне және олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруына жауапты болуға, тиісті жұмыстар жүргізіп қадағалауды сұраймыз.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 ақпан 2017 г. 545 0