Тыныштық пен тұрақтылық

Тыныштық пен тұрақтылықЕлбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауы мен билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы Үндеуін талқылау мақсатында Қорқыт ата атындағы ҚМУ, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушылары Н.Нұрпейсова, А.Әбдіразақова және облыстық еврей «Lev ami» этномәдени бірлестігінің төрайымы Л.Лидің Өңірлік коммуникациялар қызметіне келді.
– Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмді алдын алу, қылмыстық жазасын өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру мәселелері айтылды. Сонымен қатар қарқынды түрде еңбек нарығын жаңғырту, макро-экономикалық тұрақтылық адами капиталдың сапасын көтеру және қауіпсіздік сыбайлас жемқорлықпен күресе отырып, дамыған отыз елдің қатарына қосылудың нақты қадамдарын атап өтті. Елбасы Жолдауында «Қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр. Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек. Бұл іске мемлекеттік емес секторды және діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту керек», – деп, адамзат алдында тұрған тыныштық пен тұрақтылық жағдайына да баса назар аударған, – деді А.Абдразақова брифингте.
Ал, Н.Нұрпейісова болса: «Бұл Жолдаудың жылдағыдан ерекшелігін атап өтуге болады. Себебі Елбасы биылғы Жолдауында бес басымдыққа аса назар аударып отыр. Оның ішінде өркениетті дамыған отыз елдің қатарына қосылу бағытында бірнеше міндеттерді алға қойды. Сонымен қатар Елбасы билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуінде Президент еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселе ұсынылып, отырғанын атап өтті. Үндеуде саяси жүйені жаңалаудағы сабақтастылық ұстанымы сақталған. Ол Қазақстан қоғамының демократиялық бағытта дамуын одан әрі тереңдетуде жатыр», – деді.
Бұл орайда «Lev ami» этномәдени бірлестігінің төрайымы Л.Ли «Бұған дейін қабылданған 5 институционалдық реформаның бесіншісінде көрсетілгендей, ашық Үкімет идеясы енді нақты іске асатын болады. Бұл да сабақтастық көрінісі. Сонымен қатар бұл жаңару Қазақстан Республикасының өркениетті саяси дамуға түбегейлі бет бұрғанын білдіреді деп ойлаймын» деді.
Үш пікірдің үндестігі журналистер көңілінен шықты.

Шынар БЕКБАН.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2017 г. 759 0