Арал ауданында Асхат Ахановты еске алуға арналған волейболдан 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды. Жарысқа Ақтөбе, Маңғыстау, және Қызылорда облыстарынан 28 команда (ұлдар 17, қыздар 11 команда)280 спортшы қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша ұлдар арасында Шиелі ауданының №9 ОРМБЖМ командасы турнир жеңімпазы атанды. Екінші орынды Арал ауданының Жақсықылыш кенті, үшінші орынды Арал ауданының №19 ОРМБЖМ командалары еншіледі.
Қыздар арасында Ақтөбе қаласының спортшылары мықтылықтарын дәлелдесе, күміс жүлде Ырғыз ауданына, қола жүлде Арал ауданының №19 ОРМБЖМ командасына бұйырды.
Турнирдің үздіктері:
Ұлдар арасында
Үздік қорғаушы - Нұрдәулет Тенеладинов (Ақтау)
Үздік байланыстырушы – Бекарыс Ғабитұлы (Ақтөбе)
Үздік шабуылшы – Ержан Адаев (Ақтөбе)
Қыздар арасында:
Үздік қорғаушы - Анар Баймағанбетова (Ақтөбе)
Үздік байланыстырушы – Айдана Молдабек (Маңғыстау)
Үздік шабуылшы – Ақжелең Құрманова (Шиелі)