Біліктіліктерін арттырды

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес терроризмге қарсыкомиссиялар аппараттарының жұмысын үйлестіруші құрылымдық бөлімшелер өкілдеріекі күндік тағылымдамадан өтті.
Семинар-кеңесте қатысушылар діни эстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдар, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы жөнінде сауалдарға жауап алды. Іс-шараны облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов жүргізіп, басқарма қызметкерлері Е.Бәкіров, А.Жылқыбай, А.Абишевалар тақырыптық іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, семинар-кеңеске қатысқан ҰҚКД террорға қарсы күрес орталығы басшысы Е.Бекжановмәліметтерге сараптама жасау бойынша өз ұсыныстарын айтты.
 
Н.ТАСТЕМІР.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2017 г. 470 0