Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатын жолдадыМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Гурбангулы Бердімұхамедовке Түркіменстан Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті жеке өзінің және ел халқының атынан Г.Бердімұхамедовті Түрікменстандағы президент сайлауында жеткен жеңісімен құттықтады. «Өткен сайлау нәтижесі - халықтың тұрмыс деңгейін арттырып, елдің халықаралық беделін нығайту жолындағы Сіздің жүзеге асырып отырған саясатыңызға Түрікменстан азаматтарының сенімінің және қолдауының көрсеткіші. Дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бастап Қазақстан мен Түркіменстанның стратегиялық әріптестігі жыл өткен сайын қарқын алып келеді. Қазақстан түркімен халқының бірлігін, елдің саяси және экономикалық дамуын нығайтудағы Сіздің еңбегіңізді жоғары бағалайды», - делінген жеделхатта.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Түркіменстан Президентін жақын арада Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2017 г. 362 0