
Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық Қоғамдық кеңес отырысында өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Билік пен халық арасын жақындастырып, жариялылық пен ашықтыққа жол салар қоғамдық кеңес өткенжылы Елбасы тапсырмасына сәйкес жұмысын бастаған болатын. Жиынды жүргізген Қоғамдық кеңес төрағасы Самұрат Имандосов өз сөзінде басқосудың маңыздылығын айтып, отырысқа кеңестің 30 мүшесі қатысып отырғанын хабарлады.
Аймақ басшысы кеңес мүшелері алдындағы кіріспе сөзінде өткен жылы елімізде тарихи орын алғанын атап көрсетті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тойланып, Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тұрақты емес мүшесі болғандығын тілге тиек етіп, жыл басталғалы бері әлем назарын аударған оқиғалар тізбегіне ерекше тоқталып өтті. Елбасымыз тарихи да тағдырлы үндеу жариялап, қазақ еліне кезекті Жолдауын жария еткендігін айтты. Астанаға Сирия мәселесібойынша тараптардың басын қосып, дүниежүзілік 28-ші қысқы универсиаданы абыроймен өткізгендігімізді жеткізді. Сонан соң, Сыр өңірінің өткен жылы қол жеткізген жетістіктерін баяндады.