
Тәжікістан мемлекетінде ОЖЖ өткізіп жатқан «Байқоңыр» футбол командасы алғашқы жолдастық кездесуін жеңіспен бастады.
Қарсыласымыз Тәжікстан бірінші лигасында өнер көрсететін «Вахш» командасының қақпасына қызылордалық Абылайхан Унгарбаев салған жалғыз доп «Байқоңыр» командасына жеңіс алып келді. «Байқоңыр» командасының құрамында алаңға: Шынғыс Таңатқанов, Руслан Дуйсенбаев, Абылайхан Толегенов, Медет Төлегенұлы, Қуаныш Кемалұлы, Серік Ерболат, Самат Балымбетов, Асхат Қарабек, Айдос Аяжан, Алим Танибергенов, Өркен Махан сынды ойыншылар шықты.