Қорқыт ата әуежайы бәсекелес ортаға өтуі мүмкін

Қорқыт ата әуежайы бәсекелес ортаға өтуі мүмкінОсы күні облыста апатты жағдайдағы 12 мектеп қайта салынуда. 42 инновациялық мектеп пен 8 оқушылар сарайы қажетті техникамен жабдықталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығының брифингінде облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова айтты. 
Басқарма басшысы Елбасының биылғы Жолдауынан туындайтын міндеттерге тоқталды. Негізгі бағыттар облыс әкімінің іс-қимыл жоспарына енгізілді. Әсіресе, жұмысшылардың жаппай жұмыстан босатылуына жол бермеу, жаңа жұмыс орындарын құру, экономиканы әртараптандыру, тірек елді мекендерді дамыту – басты назарда. Жолдауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту жүктелді. Дүниежүзілік тәжірибеге сүйенсек, бұл – инвестиция тартудың тиімді құралы әрі кәсіпкерлікті дамытуда да әлеуеті зор. 
– Экономикалық күрделі кезеңде онсыз да шектеулі бюджетіміздің салмағын жеңілдету үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жолға қою өте қолайлы. Осылайша денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, энергетика, жолаушылар көлігі салаларында 15 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жуырда Қызылорда қаласындағы «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету жобасы бойынша келісімшартқа қол қойылды. Сәуір айында облыс орталығында ауысымына 400 келушіге арналған емхана ашу бағытында жеке әріптеспен келісім жасалады, – деді С.Құлымбетова. 
Брифингте жекешелендірудің екінші толқыны аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаев мәлімдеді. Былтыр тізімдегі 5 нысан жекешелендірілді. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы саудаға бірнеше мәрте шығарылды. Процесс ұзақ жүрді. Алдағы екі жылда 6 ұйымды бәсекелес ортаға беру жоспарланған. Тізімде Қорқыт Ата әуежайы, «Байқоңыр» корпорациясы, «Сырдария» балалар сауықтыру лагері де бар. 
– Жекешелендірудің жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігі жанынан тұрақты комиссия құрылды. Ұсынылған әрбір объектінің іске асыру мерзімдері бекітілді, – деді басқарма басшысы. 

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 ақпан 2017 г. 716 0