Сирек кездесетін ауру 8 жасар баланы тасқа айналдырып жатыр

Сирек кездесетін ауру 8 жасар баланы тасқа айналдырып жатырБангладештегі 8 жасар Мехенди Хассан сирек кездесетін ауруға шалдыққан. Баланың өн бойы қабыршықтанып, тасқа айналып келе жатыр. Денесіне не тисе де қатты ауырсынады. Адамдардан бойын аулақ ұстап, үйде отыруға мәжбүр, деп хабарлайды Baq.kz.
Бет-аузы қалыпты көрінгенмен, бүкіл денесі қабыршықтанған балаға қимылдау, қолына зат ұстау да қиынға соғады екен.
Анасы ұлының диагнозын анықтап, емдеп беруді үкіметтен де жергілікті ауруханалардан да сұраған. Бала 2 жасқа толған кезде ата-анасы денесінен бөріткен байқаған. Алайда аса мән бермеген. Бөріткен бүкіл денесіне жайыла бастаған кезде ғана ата-анасы дәрігерлерге жүгінеді.
Life.ru мәліметінше, бірде-бір дәрігер бұл қандай ауру екенін анықтай алмаған. Олар сирек кездесетін мұндай ауруды емдей алмайтындықтарын алға тартқан.
Хасан ауылды жерде тұрады. Бала мектепке де бармайды. Денесін үйкемейтін киім кию керек.
Сирек кездесетін ауру 8 жасар баланы тасқа айналдырып жатыр
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 ақпан 2017 г. 800 0