Елбасы Жолдауы ‒ ел келешегі

Елбасы Жолдауы ‒ ел келешегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл басындағы Жолдауы – егемен еліміздің тұрақты дамуын, мемлекетіміздің барлық саласына жаңғыртатын, халқымыздың дүмпу игілігін көздейтін тарихи құжат екені сөзсіз.
Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры, әділет майоры Қасен Рахматулин облыста орналасқан әскери бөлімдер мен қорғаныс департаментінің басшы құрамдарымен ҚР ҚК қарасты әскери-техникалық мектебінде кездесті. Кездесуде «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауға кеңінен баяндама жасап, офицерлердің пікірін тыңдады.
Әскери қызметшілер, Жоғарғы Бас Қолбасшы Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауын сөзсіз қолдап, ел тыныштығы мен бейбітшілігін қорғауда аянбай қызмет атқаратындықтарын жеткізді.
Нұрбек Дәуренбеков.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 ақпан 2017 г. 663 0