«Алла және Мұхаммед» деген жазуы бар қозы туды

«Алла және Мұхаммед» деген жазуы бар қозы туды Алланың құдіретін де шек жоқ қой. Жақында қазалылық Азамат Нұрмахановтың қорасында таңғажайып қозы туылды. Қос бүйірінде «Алла» және «Мұхаммед» деген жазуы бар еділбай тұқымды бұйра көк қозы жарық әлемге жаңалығымен келді.
Мал иесі Азамат Еділұлы жаңа туылған қозының денесіндегі арабша белгіні байқаған соң, таңғажайыпты білмекке «Жиеналы Ахун» мешітінің имамы Болатбек Наурызбековке көрсеткен. Имам қозы бүйіріндегі «Алла және Мұхаммед» деген жазуларды оқыпты.
«Бұл жағдай Алла Тағаланың бір, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хақ, Құран кәрімнің шын екенін айғақтайды. Бір бүйірінде «Алла», екінші бүйірінде «Мұхаммед» деген жазуы бар қозының аймақта алғаш рет әрі қасиетті Қазалы жерінде тууы кездейсоқтық емес. Бұл топырақ киелі жер. Кезінде бұл жерде жүз мешіт болған», – дейді «Орынбет ишан» мешітінің бас имамы Ғабдулла Ізат.
Бүгінде ерекше қозыны көруге келіп жатқан адамдар қарасы көп. Соның бірі, ардагер Өмірзақ Оспанов ақсақал бұл жақсылықтың нышаны екенін айтып, еліміздің бай-қуатты, бақытты елдердің бірі болатынына сенім білдірді. 
«Алла және Мұхаммед» деген жазуы бар қозы туды
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 ақпан 2017 г. 1 349 0