Қызылорда облысының меморгандарында қанша бос орын бар

Қызылорда облысының меморгандарында қанша бос орын бар Қызылорда облысында мемлекеттік органдарда 175 бос орын бар. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аталған облыс бойынша департамент басшысы Абзал Мұхимов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде облыстағы мемлекеттік органдарда 175 бос орын бар. Қазіргі кезде осы бос лауазымдарды толтыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылу үстінде»,-деді Мұхимов.
Оның айтуынша, 2016 жылы 1223 бос лауазымға конкурстар өткізілді. Нәтижесінде, 714 бос лауазым бойынша жеңімпаздар анықталды. Сонымен қатар департамент басшысы Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3756 адамды құрайтынын, оның жетеуі саяси, 14-і «А» корпусының және 3735-і - «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері екенін атап өтті.
А.Мұхимов «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттаудың облыста өткізілу барысы туралы да айтты. «Облыс бойынша 2697 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі кешенді аттестаттаудан өтеді. Қазіргі уақытта аттестаттауға жататын қызметшілердің тізімі жасақталып, тестілеуден өту желілік кестесі әзірленді»,-деді департамент басшысы. Кестеге сәйкес, бірінші деңгейде - 42, екінші деңгейде - 1324,үшінші деңгейде -1331 қызметші қамтылады. Облыс бойынша тестілеуден 1 күнде 84 адам өтеді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, аттестаттаудан облыс бойынша 864 мемқызметші босатылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 ақпан 2017 г. 680 0