
Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аталған облыс бойынша департамент басшысы Абзал Мұхимов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Департамент басшысы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау бойынша атқарылған жұмыстар жайында айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, Қызылорда облысында орталық және жергілікті атқарушы органдармен 371 қызмет түрі көрсетіледі. Аталған органдармен 2016 жылы барлығы 4 272 291 қызмет көрсетілген. 2015 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің саны 9,2 пайызға артты. «Департаментпен жүргізілген тексеру және талдау жұмыстары нәтижесінде 2016 жылы 18 «жасырын» мемлекеттік қызмет және құқықтық актілердегі 11 қайшылық анықталды. Нәтижесінде Агенттікке тиісті ұсыныстар берілді»,-деді Мұхимов. Белгілі болғандай, былтыр мемлекеттік қызмет көрсету сапасын сыртқы бақылау аясында Департаментпен 39 мемлекеттік органда ішінара және жоспардан тыс тескеру жүргізіліп, нәтижесінде 1950 заң бұзушылық анықталған көрінеді.