Қызылорда. Жақында облыстық сотының төрағасы Н. Қайырбеков және ҚР Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының, Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы И. Сматов сот саласына адал қызмет сіңірген Иманғали Сейітовке «Құрметті судья» белгісін табыстады.
«Әділеттіліктің ақ туын желбіретіп, сот жүйесін қалыптастыру мен дамыту жолында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен Иманғали Сейітовты көпшілік іскер заңгер, биік бедел мен үлкен абыройға бөленген азамат ретінде таниды. Қашанда халық үшін қызмет еткен адамның еңбегі елеусіз қалмайды. Зейнеткер Иманғали Сейітовтың жетістігі де басшылық назарынан тыс қалған емес. Сондай-ақ, абзал азамат сот төрелігін жүзеге асыруда және судьялар қауымдастығын нығайтуда белсенді қызмет атқарып, сот қызметін ұйымдастыру мен жетілдіруде елеулі еңбек сіңірді» деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.